Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстанның 2010 жылғы ең үздік футболшысы атанды
АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық футбол лигасының клубтар жетекшілері мен жаттықтырушылары арасында жүргізген сауалнамасының қорытындысы бойынша, Қостанайдың "Тобыл" командасының шабуылшысы Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстанның 2010 жылғыең үздік футболшысы атанды.
Сонымен қатар сауалнама нәтижесі бойынша, 2010 жылғы Премьер-лиганың 33 үздік футболшысы анықталды.
Сонымен үздік қақпашлар мыналар: Александр Петухов ("Тобыл"), Давид Лория ("Ертіс"), Андрей Сидельников ("Ақтөбе").
Оң қапталдағы үздік қорғушылар: Айдар Күмісбеков ("Жетісу"), Данияр Мұқанов ("Тобыл"), Максим Самченко ("Локомотив").
Сол қапталдағы үздік қорғаушылар: Александр Киров ("Локомотив"), Еміл Кенжесариев ("Ақтөбе"), Фархадбек Ирисметов ("Тобыл").
Оң қапталдағы үздік орталық қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов ("Қайрат"/ "Локомотив"), Самат Сымақов ("Ақтөбе"), Максим Жалмағамбетов ("Ертіс").
Сол қапталдағы үздік орталық қорғаушылар: Михаил Рожков ("Локомотив"), Александр Кислицын ("Шахтер"), Владислав Чернышов ("Ертіс").
Оң қапталдағы үздік негізгі қорғаушылар: Андрей Карпович («Ақтөбе»), Марат Шахметов («Локомотив»), Анатолий Богданов («Шахтер»)
Сол қапталдағы үздік негізгі қорғаушылар: Сергей Скорых ("Шахтер"), Павел Шабалин ("Ертіс"), Алексей Малышев ("Тобыл").
Оң қапталдағы үздік шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Тити Эссомба («Ақтөбе»), Роман Пахолюк ("Локомотив"), Евгений Аверченко ("Ақтөбе").
Сол қапталдағы үздік шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Азат Нұрғалиев ("Тобыл"), Дмитрий Шомко ("Ертіс"), Серікжан Мужиков ("Жетісу").
Орталық алаңдағы үздік шабуылшылар: Ұлықбек Бақаев ("Тобыл"), Мұрат Тілешев ("Ақтөбе"), Георгий Даскалов ("Ертіс").
Үздік шабуылшылар: Нұрбол Жұмасқалиев ("Тобыл"), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Валерий Андроник ("Локомотив").