Нұрбол Жұмасқалиев «Тобылдың» спорт директоры болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 37 жастағы қазақстандық футболшы, өткен маусымның аяғында ойыншы мансабын аяқтаған Нұрбол Жұмасқалиев Қостанайдың «Тобыл» клубының спорт директоры болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Н.Жұмасқалиев техникалық директор лауазымына ауысқан Владимип Нидергаустың орнына тағайындалды.