Нұрдәулет Қуанышбай әлем чемпионатының финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық балуан Нұрдәулет Қуанышбай жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Бұл күндері Ресейдің Уфа қаласында еркін күрестен әлем біріншілігі өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан сапынан 74 келіде сынға түскен Нұрдәулет Қуанышбай финалға жолдама алды.

Сонымен қатар, қос балуанымыз ел қоржынына қос қоланы салды. 57 келіде Есенгелді Асылжан қола жүлдегер атанса, Бекзат Ермекбай 65 келіде үздік үштіктен көрінді.


Соңғы жаңалықтар