Нұрдәулет Жарылғапов «Қазақстан барысының» финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан «Қазақстан барысы-2023» республикалық турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрдәулет Жарылғапов «Қазақстан барысының» финалына шықты
tumba.kz

Жартылай финалдың алғашқы белдесуінде Павлодар барысы Мұхтар Дәлелханұлы мен Маңғыстау барысы Нұрдәулет Жарылғапов кілемге шыққан.

Бастан-аяқ аңдысумен өткен сайыста Нұрдәулет Жарылғапов ақтық белдесуге өтті.

Еске салайық, биыл «Қазақстан барысы» жылдағыға қарағанда өзгеше өтіп жатыр.

Жаңа облыстардың ашылуына байланысты жарысқа қатысушылардың саны артқан. Нақтырақ айтсақ, 41 палуан бақ сынап жатыр.

Оның ішінде 33 палуан облыстардан, 2 спортшы «Әскер барысынан» және 3 қаладан тағы 6 спортшы қатысуға мүмкіндік алған.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, турнирдің жалпы жүлде қоры – 40 млн теңге, оның ішінде жарыс жеңімпазына 25 млн теңге сыйақы беріледі.