16:44, 27 Қазан 2023 | GMT +5
Нұрдәулет Жұмағали — Азиаданың екі дүркін алтын жүлдегері
Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали жүзуден алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Kazinform.

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия параойындарында қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали 200 м қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, осы ойындардың рекордын жаңартты.
Еске сала кетейік, ол осыдан екі күн бұрын да 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1:05.92 нәтижемен мәре сызығын бірінші болып қиған еді.
Осылайша Нұрдәулет Қазақстанға бірден екі алтын медаль әперді.
Бүгінде қазақстандықтар алтын медаль санын сегізге жеткізді.