Нүрек ГЭС-індегі апаттың салдарынан Душанбе жарықсыз қалды
АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Нүрек су-электр стансасындағы жүйенің тоқтап қалуы салдарынан Тәжікстанның біраз ауданы жарықсыз қалды.
Тек аурухана, министрліктер, президент сарайы сияқты маңызды нысандарда ғана жарық бар.
Нүрек су-электр стансасы - Тәжікстандағы ең ірі стансы. Ол республикадағы электр қуатының 70 пайыздан астамын өндіреді. Стансыдағы апаттың салдарынан Душанбе жарықсыз қалды.