Нұрғали Нүсіпжанов Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды

Қазақстанның Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанов Алматы облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды Kazinform.

Нұрғали Нүсіпжанов
Фото: Алматы облысы әкімдігі

«ҚР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанұлының туған күні. Осы орайда ән өнерінің дарабозын Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлының атынан құттықтап, облыстың «Құрметті азаматы» атағын табыстадық» деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда бұрынғы Талдықорған облысының Гвардия ауданына қарасты Доланалы ауылында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлкеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар Одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. 

Соңғы жаңалықтар