16:12, 25 Тамыз 2020 | GMT +5
Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған күй шерту эстафетасы басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ruh.kz порталының бастамасымен қазақтың әйгілі күйшісі, КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған күй шерту эстафетасын басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «
Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының хабарлауынша, э стафетаны халықаралық конкурстардың лауреаты Сайырхан Ертіс бастады.
«Ол эстафетаны Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Мұрагер Сауранбаев, Бағылан Абдрайымов, Ердос Қанаев және халықаралық конкурстардың лауреаты Жәнібек Қазбекұлына жолдайды», делінген хабарламада.
Назарларыңызда Сайырхан Ертістің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Жекпе-жек» ұсынамыз.