Нұрғиса Тілендиевке 100 жыл: барлық өңірде 100-ге жуық іс-шара өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Халық қаһарманы, көрнекті композитор, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Әлқисса-Нұрғиса» атты мерейтойлық концерттің салтанатты ашылуы өтті.

Нұрғиса Тілендиевке 100 жыл
Фото: Мәдениет жәнеақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл концерт композитордың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар бағдарламасының бастамасы болды.

Кеште ұлы тұлғаның құрметіне Мемлекет басшысының атынан гүл шоқтары табыс етілді.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды
Фото: Мәдениет жәнеақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға белгілі музыканттар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, сондай-ақ еліміздегі өнер ұжымдары қатысты. Олардың қатарында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырарсазы» оркестрі, Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық филармониясының симфониялық оркестрі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы және танымал әншілер мен өнерпаздар бар.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды
Фото: Мәдениет жәнеақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Концерттік бағдарлама бойынша көрерменге Нұрғиса Тілендиевтің қазақ музыкасының алтын қорына енген шығармалары ұсынылды.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды
Фото: Мәдениет жәнеақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жыл бойы Қазақстанның барлық өңірінде 100-ге жуық іс-шара өтеді. Атап айтсақ, көрмелер, концерттер, байқаулар мен фестивальдер ұйымдастыру жоспарланған.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды
Фото: Мәдениет жәнеақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақ музыкасының дара тұлғасының мерейтойы тек елімізде ғана емес, ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ сияқты беделді ұйымдардың қолдауымен халықаралық деңгейде де аталып өтеді.

Мерейтойлық бағдарламаның басты іс-шарасы– Қазақстанның Мәдениет күндері аясында Франциядағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде өтетін Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналғансалтанатты концерт. Сондай-ақ АҚШ-та, әйгілі Карнеги-холлда, концерт пен көрме ұйымдастырылса, Бейжіңде «Құстар қайтыпбарады» концерті аясында композитордың әндері орындалады.

Айта кетелік бүгін белгілі күйші, композитор, «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің туған күні

Соңғы жаңалықтар