Нұрила Тұрысбекова: Азия ойындарына қатысу еліміздің конкур құрамасы үшін өте маңызды
ТОКИО. KAZINFORM — Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының ат спортынан конкур бәсекесі бүгін Токионың JRA Equestrian Park кешенінде ресми басталды. Байрақты додада ел намысын қорғап жатқан қазақстандық спортшысы Нұрила Тұрысбекова Kazinform тілшісіне құраманың Азиадаға оралуының маңыздылығы туралы айтып берді.
Спортшы Қазақстан конкур командасының араға 20 салып қайта Азия ойындарына қайта оралғанын еске салды.
- Мен Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатырмын. Қазіргі уақытта біз Токиода жарысып жатырмыз, өйткені екі спорт түрі — ат спорты және суға жүзу — Жапония астанасына көшірілді. Мұндағы атмосфера өте қарқынды.
Бұл жолы бізде өте жас команда бар. Олардың барлығы болашағы зор шабандоздар,- деді ол.
Нұрила Тұрысбекованың айтуынша, қазақстандық спортшылар мінетін аттар өздеріне тиесілі және олар қажетті дайындықтан өткен.
- Біз бір жыл бойы дайындалдық және Еуропада тұрдық. Әрине, біз үздік үштікке кіру үшін барымызды саламыз, себебі бәсекелестік өте қиын, соның ішінде Азия чемпиондары мен Олимпиада ойындарына қатысушылар да бар,- деді шабандоз.
Ол сондай-ақ Азия ойындарында бақ сынаудың спортшыларға үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
- Мұнда жарысқа қатысып, Қазақстанның намысын қорғау – зор мақтаныш. Қазақстанға жанкүйер болып жатқандардың барлығына үлкен алғыс айтамыз, біз сол қолдауды сезініп отырмыз. Бізге сенім артқандарыңыз үшін рақмет. Біз бар күш-жігерімізді саламыз,- деді Нұрила Тұрысбекова.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, конкурдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы жарыс жолын бастады.
Қазақстандық шабандоздар 3-4 қазан күндері жекелей сындада өнер көрсетеді.
Еске салайық, Астанада конкурдан CSI-W FEI Jumping World Cup және Challenge Cup финалы табысты өткен болатын.