Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингіде жоғарылады

АСТАНА. KAZINFORM — Грузия астанасы Тбилисиде өткен дзюдодан Grand Slam турниріндегі жеңісінен соң қазақстандық Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте жоғарылады. 

Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингіде жоғарылады
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 60 келі салмақта сынға түскен Нұрқанат Тбилисидегі жеңісі үшін 1000 ұпай еншіледі. Нәтижесінде, қазақстандық спортшы 20-орыннан 15-орынға көтерілді.

Ал олимпиадалық рейтинг әлі жаңарған жоқ.

Айта кетелік, Нұрқанат Серікбаев Антальяда өтетін Grand Slam турнирінде де бақ сынайды.