Нұркен Төлегенов кикбоксингтен Әлем чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бразилияның Гуаружа қаласында кикбоксингтің low-kick және К-1 нұсқалары бойынша Әлем чемпионаты өтті.
None
None

Қайрат Смағұлов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 48 елдің 413 спортшысы қатысқан бұл дүбірлі додада командалық есепте 11-орын алды. Онда ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль түсті. Атап айтқанда Нұркен Төлегенов Әлем чемпионы, ал Бобуржан Артықбаев күміс, Захар Воробей мен Бауыржан Құдайбергенов қола жүлдегер атанды. Бүгін түн ортасы ауа спортшылар енді Амстердам-Алматы бағытындағы әуе ұшағы арқылы елге оралмақ.

Жалпы биылғы Әлем чемпионатында тұңғыш рет спортшыларға төрелік жасаған ең үздік төрешіге де құрмет көрсетілді. Оған словакиялық Микаэла Ковачова ие болды. Сондай-ақ 5 құрлықтың үздіктері жиналған бұл байрақты бәсекеге Орталық Азия елдерінен тек Қазақстан ғана өз командасын қосқан болатын.

Соңғы жаңалықтар