Нұрлан Әбдіров қызылордалық жастармен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысына сапары аясында өңір жастарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығында өткен кездесуде ОСК төрағасы жастардың сайлау процесіне қатысты ой-пікірлерді маңызды екендігін атап өтті.
«Жастар – елдің болашақ зиялы қауымы және электораттың маңызды құрамдас бөлігі. Осыған байланысты біз үшін қазіргі таңда жастардың сайлау процесі мәселелерінің кең спектрі төңірегінде пікірлері мен ұсыныстары өте маңызды», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
ОСК баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде жастар өкілдері сайлау процесіне цифрлық технологияларды енгізу, сайлау мәдениеті мен алдағы сайлауда жастардың белсенділігін арттыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстарын алға тартты. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған осындай іс-шаалар жастардың сайлауға деген сенімін арттырудың пәрменді тетіктерінің біріне айналатынын және жастар осындай диалог орнатуды қолдайтынын атап өтті.


