Нұрлан Әбдіров ОСК-ның стратегиялық болашағын атады

Нұрлан Әбдіров
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ОСК-нің стратегиялық болашағын атады, деп хабарлайды Kazinform.

«2022 жылы ОСК жанынан құрылған диалог алаңдары, атап айтсақ Сарапшылық кеңес пен Жас сайлаушылар клубы қарқынды дамып келеді. Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының қызметі қайта форматталды. Сарапшылық кеңес аясында Қазақстандағы елдік сайлауларды халықаралық байқаудың қорытынды есептерін кең және ашық талқылау дәстүрі қалыптасуда. Сонымен қатар ОСК мүшелерінің сайлау науқандары барысында және сайлауаралық кезеңдерде өңірдегі жұртшылықпен, жастармен тұрақты және тікелей, ашық диалог форматы құрылуда», — деді Нұрлан Әбдіров «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы барысында.

Осы орайда ол Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық болашағына тоқталды.

«Қазіргі міндетіміз — өткен жолды бағамдау, сонымен бірге ел Президентінің жүзеге асырылып жатқан саяси реформасын ескере отырып, ОСК-нің, сондай-ақ бүкіл сайлау органдары жүйесінің дамыу болашағын белгілеуге тырысу. 2022 жылғы Конституциялық реформа саяси жүйенің бүкіл конфигурасын өзгертіп, сайлау кеңістігіне трасформациялық әсер ете отырып, қоғамдық қатынастардың жаңа дәуіріне жол салды. Сайлау процестері арқылы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге де баса назар аударылуда. Бүгінгі таңда жалпы әлемдік трендтерді ескере отырып, өзіміздің болашаққа бағдарламамызды айқындауымыз қажет», — деді ОСК төрағасы.

Соңғы жаңалықтар