Нұрлан Әуесбаев Астанадағы жатақхана тұрғындарымен кездесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Астанадағы жатақханаға барып, ондағы тұрғындармен кездесті. Бұл туралы ЖСДП әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жатақхана Казахская және Дүкенұлы көшелері қиылысында орналасқан. Кандидаттың айтуынша, үйдің жағдайы көңіл көншітпейді.

Бұған дейін Нұрлан Әуесбаев Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабына барғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола облыстарында, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында кездесулер өткізгенін хабарлаған едік.

Жалпы үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар