Нұрлан Әуесбаев құрылыс ұйымдары жұмысшыларымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат — Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Республикалық сайлауалды штабында құрылыс ұйымдарының жұмыскерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында ЖСДП-дан үміткер өз бағдарламасының негізгі тармақтары жайында сөз қозғады. Мемлекеттің әлеуметтік саясат жайында да әңгіме болды.
Сонымен қатар Нұрлан Әуесбаев өндірістік жарақат мәселелеріне, еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру жайттарына назар аудартты.