Нұрлан Әуесбаев Орал қаласына барды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Орал қаласында орналасқан Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабына барды. Бұл туралы кандидат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлан Әуесбаев Оралда қала активімен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарына тоқталды.

Бұған дейін «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Ақтөбе, Ақмола облыстарында, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында кездесулер өткізгенін хабарлаған едік.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.


Фото:richscatering.com




Соңғы жаңалықтар