Нұрлан Әуесбаев Оралда сайлаушылармен кездесу өткізді

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Оралдағы Гагарин атындағы кинотеатрда сайлаушылармен кездесу өткізді. Бұл туралы ЖСДП әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.

Кеше Нұрлан Әуесбаев Орал қаласында орналасқан Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабына барғанын жазған болатынбыз. Бұған дейін «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат үгіт-насихат жұмыстарымен Ақтөбе, Ақмола облыстарында, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында кездесулер өткізгенін хабарлаған едік.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар