Нұрлан Әуесбаев Шортанды кентінде сайлаушылармен кездесті

None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Шортанды кентінде сайлаушылармен кездесті. Бұл туралы ЖСДП әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара барысында жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.

Бұған дейін Нұрлан Әуесбаев Астанада кездесу өткізгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында кездесулер өткізгенін хабарлаған едік.

Жалпы үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар
telegram