Нұрлан Әуесбаев Шымкенттегі ЖСДП активімен кездесті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Шымкенттегі Жалпыхалықтық социал-демократиялық партияның активімен жүздесті. Бұл туралы кандидат әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлан Әуесбаев Шымкенттегі ЖСДП активімен кездесті

Кездесуде Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасы жайында сөз қозғады.

Бұған дейін Нұрлан Әуесбаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездескенін хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.