Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басшысы Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрмен қатар, онда қазақстандық Адам құқықтары және заңның қадағалануы жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис, Дамудың ұлттық және халықаралық бастамалары институтының директоры Светлана Ушакова мен Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығы бағдарламаларының директоры Гүлмира Кужукеева ойларымен бөлісті.
Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйым өкілдері лидерлерінің үкіметтік емес сектордың қалыптасуы мен дамуына үлкен қосқандықтарын және олардың үкіметтік емес ұйымдардың гранттары мен сыйақылары жөніндегі заң жобасын талқылау барысында белсенділік танытқандарын ерекше атап өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында ҚР заңнамаларын жетілдіру, мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен байланыстағы өзекті мәселелері сөз болды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұдан әрі де ынтымақтастықта қызмет етіп, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің белсенді қатысуымен министрлікпен бірлескен түрде түрлі алаңдар ұйымдастыру жөнінде келісімге келді.