Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимыл мәселесін пысықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
None
None

Үйлестіру кеңесі мемлекет пен ҮЕҰ-ның тұрақты жұмыс жасайтын сұхбат алаңы болмақ. ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша тиімді қызметтің басымдықтарын және жүйелі саясатты қалыптастыру кеңестің негізгі мақсаты.

Министр Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, уәкілетті орган ретінде Министрлік ҮЕҰ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен бағалауда жаңа тәсілдерді ұсынатын заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің талқылауында. Заң жобасы ҮЕҰ-мен бірлесіп әзірленді.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл тәжірибесі жетілдірілуде. Министрлік орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға салалық ҮЕҰ-мен жүйелі кездесулер ұйымдастыруды ұсынады. Қоғамды алаңдататын көкейкесті мәселелерге тұрақты мониторинг ұйымдастырылды.

Мемлекет, ҮЕҰ және кәсіпкерлік - үшжақты әріптестігін дамыту бойынша шаралар іске асырылуда. ҮЕҰ-мен бірге алғашқы «АСАР» форумын өткізуге дайындық жүргізілуде. Маңызды қоғамдық мәселелер бойынша ҮЕҚ-мен екіжақты кеңесу форматы енгізілді.

Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында республикалық және өңірлік деңгейдегі ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл тәжірибесі қарастырылды.

Күн тәртібіне сәйкес дін істері және азаматтық қоғам (А.Нүкенов), Денсаулық сақтау (А.Цой), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау (С.Жакупова) вице-министрлері, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (Ж.Абишев), Оңтүстік қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы (Б.Төлеген) сондай-ақ, Үйлестіруші кеңес мүшесі, «Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» ҚБ Д.Асанова баяндама жасады.

Отырыс нәтижесінде аталған бағыттағы жұмысты әрі қарай жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.

Соңғы жаңалықтар