Нұрлан Нығматулиннің ұлы рейдерлікпен айналысты деген күдікке ілінді – ҚМА

АСТАНА. KAZINFORM — Бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрланов рейдерлік жасау күдігіне ілінді. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі растады. 

ҚМА
Фото: ҚМА

— Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын растаймыз, — деп жауап берді Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан агенттік тілшісіне.

Сондай-ақ, ресми өкіл Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған жайтқа қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын ескертті.

Еске салайық, биыл 3 наурызда еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады

Кейін Прокуратура органдарының бастама жасауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялаған А. Нығматулиннің үстінен қандай бап бойынша іс қозғалғаны мәлім болды

Сондай-ақ Арғын Нығматулиннің Қазақстаннан тергеу басталғанға дейін кеткені белгілі болды

Соңғы жаңалықтар