Нұрлан Ноғаев әлеуметтік проблемаларды шешу жолдарын айтты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін ​Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлан Ноғаев әлеуметтік проблемаларды шешу жолдарын айтты

Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешевтің айтуынша, жыл сайын облыста адамдардың жоғалуы жөнінде 60-қа жуық оқиға тіркеледі.​ ​

«Өткен жылы Атырауда және Жылыой, Құрманғазы, Индер аудандарына адамдардың жоғалуы тіркелген. Сондай-ақ, жасөспірімдердің проблемасы толғандырады. Үйден кетіп қалудың негізгі себебі - отбасылық проблемалар. Баланың сұранысын ескермеу -​ көбінесе үйден кетіп қалуға себеп болады. Бұл ата-анамен өзара түсіністік болмауынан туындайды,-дейді Мұрат Өтешев.

​Комиссия мүшелері жас буынды тәрбиелеу, қиын жағдайға ұшыраған отбасыларына психологиялық көмек көрсету, тұрмыстағы зорлық-зомбылық сияқты проблемаларды, әйелдерді қорғау және отбасы иелерінің балаларының болашағы үшін жауапкершілігі мәселелерін талқылады. Бүгінгі күні Атыраудағы қариялар үйінде 104 қарт адам тұрып жатыр. Көпшілігінің отбасылары бар.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бұл әлеуметтік проблеманы бірлесіп шешу қажеттігін атап өтті.

«Ең бастысы, адамдардың, қоғамның санасына осы проблемаларды жеткізу керек. Бұл - біздің дәстүрімізде жоқ, қоғамымызда ешқашан болмаған нәрсе. Бұл сіздерді өсіріп, барын сыйлаған ата-аналарыңыз. Сондықтан, оларға алдымен сіздер жауапты боласыздар»,- деді Нұрлан Ноғаев.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Облыс басшысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметті бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Хамидоллаға ашық есік күндерін өткізуді, осындай адамдардың балалары мен туысқандарын шақырып, түсінік жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Қариялар үйінде тұрып жатқандардың кейбіреуінің балалары табысты өмір сүруде, олардың атына жылжымайын мүліктер де тіркелген. Бірақ, айналып келгенде, мемлекеттен басқа қамқоршысы болмай отыр.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

«Соңғы жылдары облыс әкімдігінің қаржылық қолдауының арқасында полицияның материалдық-техникалық базасы жақсарды. Соның ішінде, бейнекамералардың орнатылуы азаматтардың қауіпсіздігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге құқық бұзушыларға 1,5 млрд теңге айыппұл салынды. Оның ішінде, 1 млрд 134 млн. теңге жергілікті бюджетке түсті. Құқық қорғау органдары қызметін атқаруы үшін 34 полиция бекетінің құрылысы жоспарланған. Олардың 22-і салынды. Тұтастай алғанда, барлық полиция учаскелері қажетті жабдықпен жарақталған. 98 автокөлік алынды»,- деді​А.Қайыров.​

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарын қаржылай қолдаудың маңыздылығын облыс әкімі атап өтті.

«Бұл жерде туындайтын проблема- көлікті жүргізу қауіпсіздігі. Жолаушыларды көп жинап аламын деп жүргізушілер жарысқа түсіп жатады. Бұны тасымалдаушы кәсіпорындардың басшылары да, жол полициясы қызметкерлері де қадағалауы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Жолаушылар көлігінде жылдамдықтан асып кету трекерлерін орнату жөнінде өңір басшысы өкілетті органдарға тапсырма берді.