Нұрлан Ноғаев мұнай компаниясына жұмысқа орналасу қалай жүзеге асатынын атады

АҚТАУ. KAZINFORM - Жаңаөзен қаласының әкімін тағайындаудан кейін жұмыссыз азаматтармен кездескен Маңғыстау облысының басшысы Нұрлан Ноғаев көпшіліктің сауалына жауап берді.

Нұрлан Ноғаев
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Кездесуде Жаңаөзен тұрғындары мұнай-газ саласына жұмысқа орналасуға байланысты сұрақтар қойды. Облыс әкімі жұмыспен қамту мәселелері қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен шешілетінін атады.

«Мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу мәселелері ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделе отырып шешілетін болады. Аймақтағы халық саны жыл өткен сайын артып келеді, ал жаңа кәсіпорындардың ашылуы уақытты қажет етеді. Аймақта жаңа жұмыс орындары құрылуда, алдағы уақытта да құрылады. Алайда кезектен тыс жұмысқа орналасу мүмкін емес. Әсіресе мұнай немесе сервистік компанияларға. Бұл кезекте тұрған басқа азаматтарға әділетсіз болады. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде, жергілікті атқарушы органдар ұсынатын басқа да жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастыру қажет», - деді Нұрлан Ноғаев.

Бұған дейін Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен тұрғындарымен кездесуде мұнайдан басқа саладан да жұмыс қарау керектігін атаған болатын.

Маңғыстау облысы
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі