Нұрлан Нығматулин: Елбасымыз қазақстандықтарды жаңа біртұтас ұлт етіп қалыптастырды

«Осы тарихи сәтте - Елбасымыз оң шешімдер қабылдап, халықтың өмірін өзгертуде маңызды қадамдар жасады. Нұрсұлтан Әбішұлы - жаңа мемлекетті ғана емес, сонымен бірге,қазақстандықтарды - жаңа біртұтас ұлт етіп қалыптастырды. Сондықтан, бүгінгі гүлденген Қазақстан - Ол Елбасының еңбегінің - нәтижесі. Ол Елбасының еңбегінің - жеңісі мен жемісі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұтас буынның өркендеу жолын айқындап берді әрі ата-бабаларымыздың көп ғасырлардан бері аңсап келген берік те тәуелсіз мемлекет құру арманын іске асырды», - дейді Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс төрағасы Елбасының басты жетістіктеріне тоқталды. Олардың арасында еліміздің егеменді болуы, барлық мемлекет мойындаған шекаралардың бекітілуі, жаңа астананың салынуы, еліміздің тұрақты дамудың даңғыл жолына түсуі, Қазақстан қоғамындағы бірліктің сақталуы және нығаюы, Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары беделге ие болуы сияқты ұлы жетістіктерді ерекше атап көрсетті.
«Осының бәріне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Елбасының басты жетістігі - жарқын болашаққа бет бұрған біртұтас ұлттың қалыптасуы», - деп түйді Нұрлан Нығматулин.
Еске салсақ, Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр.