17:26, 21 Маусым 2016 | GMT +5
Нұрлан Нығматулин ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.