Нұрлан Нығматулин ресми сапармен Вьетнамға барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 13-15 қарашада ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасына барады, деп хабарлайды Төменгі Палатаның баспасөз қызметі.

Сапар барысында Вьетнам Ұлттық Жиналысының Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен және осы елдің жоғары мемлекеттік билік органдарының басшыларымен келіссөздер өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Ханой университетінің профессорлық – оқытушылар құрамымен кездесіп, Абай атындағы ғылыми және мәдени орталығына барады.

Дананг қаласындағы келіссөздер барысында қазақстан-вьетнамдық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланады. Онда Мәжіліс Төрағасы Вьетнамның экономикалық мүмкіндіктерімен танысады.

Соңғы жаңалықтар
telegram