Нұрлан Нығматулин Жамбыл облысының жастарымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жамбыл облысының жастарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Кездесу М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтті. Оған Жамбыл облысындағы жетекші оқу орындарының студенттері, жастар қозғалысының көшбасшылары және жас ғалымдар қатысты.

Н. Нығматулин жастармен кездесу барысында биылғы жыл жастар үшін ерекше кезең екеніне тоқталды.

«Президентіміз Жастар жылында жас қазақстандықтарды қолдаудың нақты жолдарын ұсынып отыр. Ол - ең алдымен, жас отбасыларға арналған баспана мәселесі. Мемлекет басшысы ірі қалаларда жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мың пәтерден кем емес құрылысты қамтамасыз етуді және барлық кәсіпорындарға жас қызметкерлер үшін баспана жағдайын жасауға белсене қатысуды тапсырды», - деді Палата спикері.
null

Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының жастарға көрсеткен қамқорлығы туралы айтып, жастар белсенділігін арттыру жолында еңбек қабілетімен қатар, денсаулық, рухани мәселелер де әрқашан басты назарда екеніне тоқталды.

«Осы орайда, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы өскелең ұрпақтың рухани байлығын, денсаулығын арттыруға ерекше ықпал ететіні сөзсіз. Бұл жұмыстардың барлығы - сіздердің өмірлеріңізді жақсартып, қоғамдағы рөлдеріңізді нығайту үшін, бәсекеге қабілетті күшейту үшін жасалып жатқан шаралар»,- деді Н.Нығматулин.

Сонымен қатар, палата спикері осы ауқымды шаралардың барлығын заң жағынан жан-жақты қолдау қажеттігін айтты.

«Елбасымыздың барлық бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз ету - біздің Парламент депутаттарының басты міндеті. Осы жолда өздеріңіз білесіздер, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және «Волонтерлік қызмет туралы» заңдар қабылданды. Елімізде Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бар. Жақында Мәжілісте «Педагог мәртебесі туралы» және басқа да білім саласына қатысты заң жобалары қаралады», - деді Н. Нығматулин.
null

Сонымен қатар, палата спикері елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін оған жастардың білімі мен біліктілігі қажет екенін, бұл жолда ең алдымен жаңа технологиялар, инновация және автоматтандыруға зор назар аударылатынын айтты.

null

Соңғы жаңалықтар