Нұрлан Оспанов «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне сайланды
Азық-түлік корпорациясының жаңа басшысын ұжымға Холдингтің Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов таныстырды.
Нұрлан Елеусізұлы Оспанов 1971 жылы туған. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігінде 2-ші санатты экономист қызметінен бастады. Әртүрлі жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қаржы департаментінің директоры лауазымында, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасының орынбасары, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.