Нұрлан Рамазанов ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы болды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы болып Нұрлан Рамазанов тағайындалды.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрлан Сағибекұлы 1985 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында дүниеге келген.
2008 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірді. Мамандығы - өнеркәсіптік жылу энергетикасы. 2012 жылы "Мәскеу энергетикалық институты" ұлттық зерттеу университетін тәмамдаған. "Жылу энергетикасы" бағыты бойынша техника және технология магистрі.
2008 жылы еңбек өтілін «Алтайэнергоналадка» ЖШС-нің жылу технигі болып бастады.
2009 жылы «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің қазандық жабдықтарының операторы;
2009 жылдың 15 қазаннан бастап 2010 жылғы 18 тамызға дейін «Өскемен металлургия кешені» қызметкері;
Мемлекеттік қызметте 2012 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Сол жылы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті бас маманы;
2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі;
2017 - 2020 жылдары ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы;
2020 жылдың 24 ақпанынан бастап ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары;
2023 жылдың 28 сәуірінен бастап осы уақытқа дейін ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.