Нұрлан Жалғасбаев Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM –  Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: 

Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

 

Соңғы жаңалықтар