Нұрлыхан Шархан дзюдодан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінің белдесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Нұрлыхан Шархан
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрлыхан Шархан жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалда ол Өзбекстан өкілі Ерназар Сарсенбаевты жеңді.

Ал Аруна Жангелдина (-78 кг), Аида Тойшыбекова (+78 кг) және Марат Байқамуров (-100 кг) жұбаныш белдесулерінде күш сынасады.

Сондай-ақ Айдар Арапов (-90 кг) жұбаныш кезеңінде тайбэйлік Пенг-Ю Ченді жеңіп, қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды.

Осыған дейін Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.