«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша Ақмола облысының Қызылжар елді мекенінде салынған 276 үй дайын

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Өткен жылы қабылданған «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша Ақмола облысының Қызылжар елді мекенінде салынған 276 үй дайын.
None
None

 Бұл туралы www.bnews.kz порталында өткен Online-конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарт.

  Комитет төрағасының айтуына қарағанда, қазіргі уақытта дайын тұрған баспананың 152-не үміткер бар екен. Ал қалған 124 үй тарихи атамекеніне оралатын қандастарымыздың бірден қоныс тойын тойлауына әзір. Сонымен қатар, аталған бағдарлама шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында 200 отбасына пәтер дайындалып жатыр. Ертіс бойындағы әсем қаланың әскери қызметкерлерден қалған көпқабатты үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Суық, ыстық сумен толық қамтылып, заманауи еурөжөндеуден өткізіліп жатқан үйлердің әрлеу жұмыстарын жаңа жылға дейін аяқтау көзделген. Жыл басынан бастап осы тұрғын үйлерге қандастарымызды қоныстандыру жүзеге аспақ.

   «Қазіргі уақытта осы мәселемен біздің комитет және мемлекеттік органдар айналысып жатыр. Жалпы бүгінгі күні елімізге көшіп келіп жатқан ағайынға еш бөгет жоқ. Оларды тіркеу, азаматтығын беру сияқты мәселелер жүйелі түрде ұйымдастырылуда», дейді Қ.Әбішев. 

Соңғы жаңалықтар