«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспана қолжетімді бола түспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде баспана мәселесі -барынша маңызды, уақыт тарапынан өте өзекті мәселелер қатарында. Себебі республика бойынша үйге деген сұраныс пен баспана жағдайын жақсартуға ниет білдірушілер саны күн санап арта түсуде. Сандарды сөйлететін болсақ, бүгінде Қазақстанда 2 млн 300 мың адам баспанаға мұқтаж. Соның 1 млн 300 мыңы - жер кезегінде тұрғандар. Оның 115 мыңы Астана қаласы бойынша өтініш бергендер. Басым бөлігінің басты мәселесі бірінші қаңтардан бастап жүзеге асатын «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында шешілмек.

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспана қолжетімді бола түспек

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы тапсырмасымен әқ», жылдың соңында Үкімет 2017-2031 жылдарға арналған «Нұрлы жер» біріңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаның басты мақсаты - қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған. Аталған "ғ жыл ішінде республика бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы ҚР Ұлттық банкінің сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеке құрылыс салушы компанияларға несие беруді қарастырады. Бүгінгі күні бұл жылдық 16%-ды құрайды, оның 7%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған жылдық 9%-ын құрылыс салушы төлейді. Субсидия кәсіпкерлердің  тұрғын үй салуға қатысты жаңа несиесіне беріледі. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында құрылыс секторы және ипотекалық несиелеу нарығы оң динамиканы көрсете бастады,

Айта кету керек, «Даму» қоры - ұлттық даму институты.  Оның жалғыз акционері болып «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ табылады. «Даму» қорының мақсаты - шағын орта бизнесті сапалы дамытуға көмектесу, сондай-ақ Қазақстанның шағын қаржы ұйымдарының консалтингтік және қаржылық қызметтерді ұсынудың интиграторы мен операторы ретінде қызмет атқарады.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасының тағы бір операторы -

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры».  «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры». «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы  2009 жылғы 6 наурызда құрылды. «Самұрық-Қазына» АҚ Жылжымайтын мүлік қорының Жалғыз акционері болып табылады. Жылжымайтын мүлік қоры жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасымен қоса, Дағдарысқа қарсы бағдарламаның, операторы болып табылады.

Оған қоса, «Қазақстандық Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы да бағдарламаның бір операторы болып табылады. Қазіргі уақытта ол елдегі банктермен осы бағдарламаға қатысты келіссөз жүргізіп келеді. Бүгінге дейін ҚИК «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ. «ТенгриБанк» АҚ сынды қаржы ұйымдарымен келісімге келген.
Субсидияланатын қарыз бойынша қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме 10% құрайды, мөлшерлеменің қалған бөлігін ҚИК өтейді. Бұл ретте банктің ең жоғары мөлшерлемесі субсидиялау туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5 %-дан артық емес болу керек.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» - үкіметтің, қазақстандықтарды барлық алдыңғылары біріктірілген қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша атқарған жұмысының нәтижесі болып табылады: 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасының тұрғын үй бөлімі және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы.