Нұрлы жер: БҚО-да 1700-ден астам пәтер салынуда

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы мен облыс аудандарында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1700-ден астам пәтер салынуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның 10-ы көп қабатты, 183-і - бір қабатты үйлер. Мысалы, 250 баспана Орал қаласынан 500 шақырым қашықтықтағы алыс аудандарда салынуда. Тұрғын үй құрылысы үшін 120 шақырымнан астам инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылуда.

Қазірдің өзінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылғыдан 80 пайызға көп. Сондай-ақ жеке құрылыстың арқасында инвестиция көлемі екі есеге өсті.

Барлық құрылыс жұмыстары газдандыру және сумен қамтумен қоса жүргізілуде. Биыл бес ауданда 35 елді мекен, соның ішінде 106 әлеуметтік нысан газға, 65 мың тұрғыны бар 55 ауыл орталықтандырылған су көзіне қосылмақшы. Сонда таза ауыз су барлығы 186 ауылға жетеді.

Сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Орал қаласында 2400 орындық 4 мектеп салынып жатса, соның екеуі мерзімінен бұрын пайдалануға берілмекші.

Айта кетейік, Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл облысқа 30 млрд теңге бөлініп, 1700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram