«Нұрлы жер»: Көпбалалы отбасыларға көлемді пәтер берілуі мүмкін
Дөңгелек үстел барысында депутат Уәлихан Қайназаров «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үйдің шаршы метрі 80-нен аспауы қажет деген талап бар екендігін еске салды.
«80 шаршы метр 2 ары кеткенде 3 бөлмелі пәтер. Бұл 1 немесе 2 баласы бар отбасыға жарайды. Ал 4-5 баласы бар отбасыларға не істейміз? Сондықтан 80 шаршы метрмен шектелмей мәселен 110 шаршы метрге ұлғайту қажет шығар. Бұл мәселені қазір шешпесек алдымыздан шыға береді», - деді Уәлихан Қайназаров.
Өз кезегінде, вице-министр көпбалалы отбасылар үшін шаршы метр қайта қарастырылатындығын айтты.
«Жалпы, бұл аталған қаржыға нақты қанша пәтер салатындығымызды айқындау үшін осындай шектеу енгізген едік. Біз көпбалалы отбасыларға мүмкіншілік бергеніміз дұрыс шығар», -деді Қайырыбек Өскенбаев.