«Нұрлы жер»: Саранда 5 қабатты тұрғын үй салынуда

САРАН. ҚазАқпарат -Қарағанды облысының Саран қаласында қарқынды түрде тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Ол жайлы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов мәлімдеді, деп жазады әкімнің сайты.

«Нұрлы жер»: Саранда 5 қабатты тұрғын үй салынуда

«Елбасының жеке тұрғын үйлер құрылысын дамыту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында 29 гектар аумақта 291 жеке тұрғын үйлер құрылысын жүзеге асыруға арналған егжей-тегжейлі жоспарланған екі жоба құрылды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының арқасында олар инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілетін болады. Биылғы жылы барлық қажетті құжаттар әзірленген. Айта кетейін дегенім, қаламызда жеке үй салуға жер телімдерін алуға кезек жоқ. Барлық өтінімдер түскен бетте қанағаттандырылады. Жер телімдері инженерлік инфрақұрылымдары бар жергілікті жерден беріледі, - деп түсіндірді Ержан Темірханов.

2018-ші жылдың басынан Саранда қолданысқа 5026 шаршы метр тұрғын үй берілді, оның 26%-ы жеке секторға жатады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Саранда 1 «а» ықшам ауданында 5 қабатты ірі панельді тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы басталды.

«Бұл жобаны жүзеге асыру 120 кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қаматамасыз етіп қана қоймай, Индустриаландыру картасына енетін және қаланың негізгі жобаларының бірі болып табылатын «ККК бетон» ЖШС жүктеуге мүмкіндік береді. Осылайша құрылыстағы жергілікті құрам көлемі де ұлғаяды», - деп атап өтті Ержан Темірханов.

Сондай-ақ, Саранда «Горняк» ықшам ауданында салынып жатқан екі жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын қалды. Онда 48 пәтер бар. Қолданысқа беру 2019-шы жылдың қаңтарына жоспарланған. 

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті
Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті