Нұрлы жер: Таразда апта сайын көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Қалада әр апта сайын пәтерлер кілтін тапсыру дәстүрге айналуда десек, бұл жыл басынан бері осымен үшін апта қатарынан беріліп отырған көпқабатты тұрғын үй, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған тұрғын үй шаһардағы жаңадан құрылысы жүріп жатқан 15-мөлтек ауданнан берілді. Ондағы пәтерлердің дені көп жылдан пәтер кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, көпбалалы аналар мен жетімдерге берілді. Тұрғын үй оларға арендалық, сатып алу құқығынсыз жалға берілді. Құрылысты жүргізуші мердігер «Агроспейстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»,-делінген Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай тұрғындарды баспаналы болуымен құттықтап, пәтер кілттерін иелеріне салтанатты жағдайда тапсырды. Жалпы, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектар жерде шамамен 8500 отбасына арналған 190 көпқабатты үйлерді құрайтын 15-мөлтек ауданы бой көтеруде. Бүгінде алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда.

Бүгінгі таңға дейін алқапта 26 тұрғын үй немесе 1020 пәтер халық игілігіне берілді. Сонымен қатар, өткен жылдан өтпелі 20 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Яғни алдағы уақытта 1440 пәтер иелері өз үйлеріне қоныстанады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар