«Нұрлы жол» аясында 2,4 трлн теңгеге 11 қазіргі заманғы автожолдар салынады - ИДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» аясында 2,4 трлн теңгеге 11 қазіргі заманғы автожолдар салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов мәлім етті.

«Нұрлы жол» аясында 2,4 трлн теңгеге 11 қазіргі заманғы автожолдар салынады - ИДМ

«Сонымен қатар бағдарлама аясында 7 мың шақырымдық жолды қайта салу көзделуде», - деп атап өтті ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш құрылыстар 2020 жылға дейін созылады. Автомагистральдар Астанадан өзге оңтүстік, солтүстік, шығыс және батыс аймақтарға қарай бағыт алады.

«Бұл жолдар біздің елдің күретамыры, сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің бір бөлшегі болып табылады. Жаңғырту жұмыстары арқылы біз көлік тасымалының тиімділігін арттыра аламыз», - дейді ол.

Сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізі транзиттік жүктерді тартуға мүмкіндік бермек. Ол Қытайдан Еуропаға қарай созылған ең қысқа жол болады. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізі Суэц өткелі арқылы өтетін теңіз жолынан 3,5 есе қысқа. Құрылыс биыл аяқталады деп күтілуде.