«Нұрлы жол» аясында 27 балабақша салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш жыл ішінде елімізде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 27 балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Мәжілінің депутаты Гүлмира Исімбаева айтты.
None
None

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында балабақшалар салуға 10 млрд. теңге бөлінеді. Толықтай алғанда, алдағы үш жылдың ішінде 27 балабақша салу көзделуде. Олардың басым бөлігі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші төмен болып отырған өңірлерде бой көтеретін болады», - деді халық қалаулысы.

Оның сөзіне қарағанда. Қазақстанның 6 облысында балалардың балабақшамен қамтылуы орташа республикалық деңгейден төмен болып отыр. Олар мына өңірлер: Алматы мен Астана қаласы және Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Маңғыстау облыстары.

«Алматы мен Астана халық тығыз орналасқан өңірлер. Бұл өңірлерде халықтың ішкі көші-қоны өте қарқынды жүруде. Туу көрсеткіші де жоғары екендігі түсінікті. Мәселен, Алматыда балабақша салу үшін жер учаскелерінің жетіспеушілігі проблемаға айналып тұр», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар