«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары жалдамалы тұрғын үй бойынша жоспар - 324,1 мың шаршы метр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары жалдамалы тұрғын үй бойынша жоспар - 324,1 мың шаршы метр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының мүшесі Ерсайын Хамитов мәлім етті.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары жалдамалы тұрғын үй бойынша жоспар - 324,1 мың шаршы метр

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдарға жалдамалы тұрғын үй бойынша жоспар 324,1 мың шаршы метрді, кредиттік тұрғын үй бойынша жоспар  366,9 мың шаршы метрді құрайды. Бүгінгі күні 2016-2017 жылдары тапсырылатын 268,9 мың ш.м. (4 441 пәтер) салу үшін шарттарға қол қойылды»,-  деді Е.Хамитов.

Оның айтуынша, жалдамалы тұрғын үй салу мен сатып алуға «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ бағыты бойынша 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан 115 млрд. теңге бөлінді.2015 жылдың қорытындысы бойынша жоспардағы 401 мың шаршы метр орнына  425,5 мың шаршы метр тұрғын үй (7 234 пәтер) пайдалануға тапсырылды, шамамен 21 мың жұмыс орны құрылды және сақталды. 2016 жылдың нысандары бойынша жоспарлы 326 мың шаршы метрдің орнына  371,9 мың шаршы метр (6 521 пәтер) салуға шарттар жасалды. Соның ішінде бүгінгі күні 26,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды, 345,1 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Бұдан басқа, Холдингтің еншілес ұйымы «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-да 431 мың шаршы метрге (7,6 мың пәтер) қосымша жобалар пулы бар.