«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бес жылда 7 мың шақырымнан астам жол қайта жаңартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемелкеттік бағдарламасы бойынша 2015-2019 жылдар аралығында елімізде 11 автокөлік жолының жобасы жүзеге асырылмақ. Осыған орай, 7 мың шақырымнан астам жол қайта жаңғыртылады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Инвестициялар және даму министрлігі Автокөлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлім етті.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бес жылда 7 мың шақырымнан астам жол қайта жаңартылады

«Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес, Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілгені белгілі. Аталған бағдарлама аясында 11 автокөлік жолдары жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр», - А.Беков.

Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын аяқтау, «Орталық-Оңтүстік», Орталық-Шығыс», «Орталық-Батыс», «Алматы-Өскемен», «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды», «Астана-Петропавл», «Орал-Каменка», сондай-ақ «Астана қаласының оңтүстік айналма жолы», «Жетібай-Жаңаөзен» және «Үшарал-Достық» жобалары қолға алынады. Аталған жобалардың жалпы құны 2,4 трлн теңгені құрайды.

«Осының арқасында жалпы алғанда 7 мыңнан астам шақырымды қайта жаңарту жоспарлануда. Осы мақсаттарға Ұлттық қордан 2015-2016 жылдарға 301 миллиард теңге бөлінетін болады», - деді ол.