«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл Жаңақорғанда 6 мектеп салынады

    ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл Жаңақорған ауданында 6 мектеп салынады,деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.  
None
None

 Жалпы Қазақстан бойынша бағдарламаға орай 56 мектеп бой көтереді деп күтілсе, соның алтауы осы осы ауданда салынбақ.

    Облыстық білім басқармасы мамандарының дерегінше, бұл Жаңақорған кентіндегі №56, Қожамберді ауылдық округіндегі №162,   Аққорғандағы №256, Аққұм стансасындағы №221, М.Нәлібаев ауылындағы №196 және Төменарық елді мекеніндегі №223 мектептер.

    Қожамберді, Аққорған, М.Нәлібаев және Аққұм ауылдарындағы білім ошақтары 2000 жылдардың басында асар әдісімен салынған-ды.  Ал Жаңақорған кенті мен Төменарықтағы мектептің іргетасы кеңестік кезеңде қаланған.  

     Білім ошақтары арасында Төменарықтағы мектептің тарихы тым әріде жатыр. Алғаш сонау 1939 жылы 24-теміржол разъезі балалары үшін ашылған мектеп 1970 жылдары Төменарық ауылына көшіп келіпті. Сегіз жылдан кейін онжылдық орта мектеп мәртебесін иеленген білім ошағында бүгінде жылына 400 оқушы білім алады.

      Өткен жылы қарашада жұмысын бастаған «СМП-Қызылорда» ЖШС қазір мектеп құрылысын толық аяқтады. Енді нысанға жаңа жабдықтар мен компьютерлер жеткізіледі.  

Соңғы жаңалықтар