«Нұрлы жол» бағдарламасы дағдарысқа қарсы шаралармен толықтырылды - А. Мұсаханов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазiргi әлемдiк дағдарыстан туындаған сын-қатерлерге Қазақстанның жауабы "Нұрлы жол" бағдарламасы болып отыр. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Парламентi Сенатының депутаты Аңсар Мұсаханов мәлiм еттi.

«Нұрлы жол» бағдарламасы дағдарысқа қарсы шаралармен толықтырылды - А. Мұсаханов

Оның негiзгi идеясы - жоғары дамыған инфрақұрылымдар құру, атап айтқанда көлiктiк, энергетикалық, индустриялық, тұрғын үй және әлеуметтiк инфрақұрылымдарды дамыту, сондай-ақ iскерлiк белсендiлiктi одан әрi қолдау болып табылады", - дейдi сенатор.

Оның ойынша, "Нұрлы жол" бағдарламасын iске асыру бiздiң елiмiзге анағұрлым мықты экономика құруға және қиын кезеңнен едәуiр төзiмдi ресурстармен шығуға мүмкiндiк бермек.

"Қазiргi кезде көптеген елдер аса күштi рецессияны бастан кешiрiп жатқанда, Қазақстан экономиканың дамуына қыруар қаржы бөлiп отыр. Ел Президентiнiң тапсырмасы бойынша, жыл сайын 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейiн құрылымдық реформаны iске асыруға, экономиканы ынталандыруға және елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз етуге ҚР Ұлттық қорынан 3 млрд АҚШ долларына дейiн қаражат бөлiнедi", - дедi ол.