«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жергілікті құрылыс индустриясының қуаты артты - С.Кулагин

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жергілікті құрылыс индустриясының кәсіпорындары өздерінің өндірістік қуаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алды.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жергілікті құрылыс индустриясының қуаты артты - С.Кулагин

Бұл туралы бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін өтіп жатқан баспасөз мәслихаты барысында айтылды. Аймақ басшысының айтуынша, өңірде кәсіпорындардың тұрақты жұмысы индустриалды салада өсу қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. «Өнеркәсіп өнімінің көлемі 251 млрд.теңгені немесе өткен жылғы деңгейге қарағанда 106,1 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 108,6 пайыз болды. Жоғарғы қарқынға металлургия - 131,6 пайыз, химия өнеркәсібінде - 161,7 пайыз, тамақ өнімдерінің өндірісі - 102,3 пайыз салаларында қол жеткізілді. Индустрияландыру картасының жобалары қомақты үлес қосуда. Олардың өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 29 пайызды (2014 ж.- 25 пайыз ), өңдеу өнеркәсібінде 38 пайызды (2014 ж. үлес - 34 пайыз) құрады. Республикалық көлемде облыстың үлесі: подшипник шығарудан - 100 пайызды, жүк автокөлігін құрастырудан - 60 пайызды, алтын өндіруде - 30 пайызды, құрылыс кірпіші 22 пайызды құрайды. «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жергілікті құрылыс индустриясының кәсіпорындары өздерінің өндірістік қуаттылықтарын жүктеуді арттуға мүмкіндік алды», - деді Сергей Кулагин. Сонымен қатар өңірде жыл басынан бері Индустрияландыру картасына 6 енгізіліп отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 8 кәсіпорын тіркелген болатын. «Қолда бар қосымша резервтер, кәсіпорындарды жүктеуді арттыру, жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында өсу қарқынын сақтап қалуға мүмкіндік беріп отыр.Индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдық жоспарын іске асыру кезеңінде өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2 есеге дейін артып, 2014 жылы 19 мың АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78 пайызды құрады», - дейді өңір басшысы.