«Нұрлы жол» бағдарламасын жаңа дағдарысқа қарсы шаралармен толықтыру қажет - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» бағдарламасын жаңа дағдарысқа қарсы шаралармен толықтыру қажет. Бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Бүгін мен Үкіметке «Нұрлы жол» бағдарламасын жаңа дағдарысқа қарсы шаралармен толықтыруды тапсырдым. Бұл - отандық машина жасау саласын, біздің экспорттаушылармызды қолдау, шағын және орта бизнес үшін инфрақұрылым жүргізу, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауды ұлғайту, ішкі нарықты қорғау бойынша шаралар және басқалары», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру ағымдағы жылдың басты міндеті екендігін баса айтты. Бағдарлама Астанадан таралатын сәуле ұстанымымен 2015-2017 жылдары аралығында тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылым құруға бағытталған. Бұл мақсаттарға Ұлттық қордан шамамен 500 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде 180 млрд. теңге ағымдағы кәдеге жаратылатын болады.
«Барлық жобаларды кешіктірместен осы айдан бастап қаржыландыруды тапсырамын. Онымен Үкімет пен Ұлттық банк айналысады», - деді Елбасы.