«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» астаналық форумы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» тақырыбында саясаттанушылардың астаналық форумы өтті.
None
None

Форумның мақсаты - Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренадағы тұғырын бекіту және оның қарышты дамуындағы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігі мен рөлін қазақстандық және шетелдік сарапшылар тарапынан зерттеп, саралау.

Жиында сарапшылар Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жаңа Жолдауын, дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу аясында жасалған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын талқылады.

Форумның ашылуында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа Жолдауы жаһандық дағдарыс кезінде қоғамның әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін іс-шаралардың жүйелі жоспары екенін айтты. Президент Жолдауда қазақстандықтардың әл-ауқатына оң әсер ететін нақты картографиялық тапсырма - 20 қаланы атап берді, - деді Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.

Форумда жолдау - заманауи инфрақұрылым негізінде шағын және орта бизнесті, азаматтардың іскерлігін дамытатын күш екені, Президенттің тапсырмасымен шағын және орта бизнесті несиелендіру және қолдау үшін Ұлттық қордан 100 миллиард теңге бөлініп, толығымен игерілгені айтылды. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауда шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуге қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырған.

Елбасы атап өткендей, Жаңа Экономикалық Саясаттың тәжірибелік базасына айналған инфрақұрылымдық даму жоспары 5 жылға арналалады. Яғни, ол инновациялық-индустриялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығымен тұспа-тұс келді. Президенттің жаңа жоспары бойынша инвестициялар 6 триллион теңгені құрайды. Онда мемлекеттің үлесі небәрі - 15 пайыз. Қалғаны жеке инвестициялар. Президент тапсырмасы бойынша, Каспийде теңіз инфрақұрылымы дамымақ. «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында «құрғақтағы порты» құрылатын болады.

Бұл әлеуметтік дамуға жағдайлар жасайды.

Форумға саяси және экономикалық үрдістерді зерттеуге мамандандырылған АҚШ, Италия, Польша, Үндістан, Австрия, Ресей, Болгария және Қырғызстанның халықаралық сарапшылары мен отандық зерттеуші, ғалымдар қатысты. Форумда АҚШ-тың Мичиган университетінің профессоры, саясаттанушы Марта Брилл Олкотт, Австрия Ұлттық қорғаныс академиясының аға ғылыми қызметкері Мартин Малек, Дж.Неру атындағы университеті Ресей мен Орталық Азияны зерттеу орталығының (Үндістан) басшысы Моханти Арун, Ресейдің Ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар бойынша директоры, саясаттанушы Юрий Солозобов, Шығысеуропалық зерттеулер институтының (Польша) сарапшысы Соколовски Владыслав, Жоғары геосаяси зерттеулер мен шектес ғылымдар институтының (Италия) президенті Тиберио Грациани, Индиана Университетінің (АҚШ) профессоры Фирман Уильям, Ақпарат және саяси сараптама орталығының (АҚШ) президенті Хуман Садри сынды ғалымдар қатысып, сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар