«Нұрлы жол» Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына мүмкіндік береді - Моңғол ұлттық-демократиялық партиясының басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында әлемдік экономикада қиын кезеңнің басталғанын атап өтті, - деген пікірін білдірді Моңғолияның бұрынғы премьер-министрі (1996-1998), Моңғол ұлттық-демократиялық партиясының басшысы М.Энхсайхан.
None
None

«Қазақстан мұнайды сатудан тапқан қаражатын Ұлттық қорға салған. Ондағы қаражат көлемі 105 млрд. АҚШ долларына жеткен. Жолдауда Ұлттық қор қаражаты темір және автомобиль жолдарын салуға, инфрақұрылымның дамуына бағытталатыны айтылған. «Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына мүмкіндік береді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар