«Нұрлы жол» «Қазақстан» Ұлттық арнасының басты бағыты болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы «Қазақстан» Ұлттық арнасының басты бағыттарының бiрi болмақ. Бұл туралы бүгiн 2013/2014 жылғы телемаусымның аяқталуына арналған «Жыл таңдауы» салтанатты шарасында телеарна басшысы Нұржан Мұхамеджанова мәлiм еттi.
«Президенттiң «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауы бiздiң жақын жылдардағы жұмысымыздың басты бағдары болады», - деп атап өттi ол «ҚазАқпарат» тiлшiсiне берген сұхбатында.
Оның сөзiне қарағанда, қазiрден бастап «Қазақстан» телеарнасы халыққа жолдаудың негiзгi мақсат-мiндеттерiн түсiндiруге бағытталған тақырыптарды жиi қозғауда.
«Бiз бұл қыруар жұмысты өзiмiздiң медиаконтент арқылы беруге тырысамыз. Бiздiң мiндетiмiз - Президент айтқан 7 бағыт туралы, жақын арада елдiң дамуы қандай болады, ол шаралардың мультипликативтi әсерi жайында хабардар ету», - деп түйдi сөзiн Н. Мұхамеджанова.
Оның мәлiм еткенiндей, 2014 жылы Ұлттық арнаның өнiмдерiн әрбiр бесiншi қазақстандық тамашалаған. Қазақ тiлдi аудиторияндағы көрермендердiң саны бойынша «Қазақстан» тiптi көшбасшы болып табылады.